Галерея

Архив

Главная
Созақ ауданы әкімдігінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

Біздің Созақ ауданы Оңтүстік өңірдің теріскейінде, қарт Қаратау беткейінде орналасқан өнеркәсібі дамып келе жатқан аграрлы аудан болып табылады.  Ауданымыз облыс орталығынан шалғайда орналасқан елу мыңнан астам халқы бар. Аудан әкімі ретінде «Интернет» жүйесіндегі біздің сайтымыз қоғамдағы барлық салалардың өкілдері үшін қызықты болады деген үміттемін. Ауданның бүгінгі тыныс-тіршілігінде барлық салаларда онды өзгерістер болып, өнеркәсібі қарқынды дамып, мал басы жүйелі түрде өсуде. Біз ауданымызды жан-жақты таныстыруға тырыстық. Сіздің алған ақпараттарыңыз оңтүстік өңірдегі Созақ ауданы бойынша кез келген сауалыңызды толық қанағаттандырады деп ойлаймын. Біздің ауданымз туралы ақпараттар жиынтығы әрқашан толықтырылып және жаңартылып отырады. Біз сіздерді киелі Созақ жерінің табиғаты көркем, тарихи сәулеттік ескерткіштерге бай өлкемізде күтеміз.
.
Созақ ауданы әкімі А.Т.Аймұрзаев

 
Еліңді сүйсең ерлік істейсің

Ақпан айының 17-ң күні «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шолаққорған ауылда мектеп оқушылары арасында «Еліңді сүйсең ерлік ісейсің» атты әскери-спорттық жарыс өкізілді. Мақсат белгілі, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлігін шыңдау, оқушылар арасында достықты нығайту, Қарулы күштер қатарына дайындау, отанды сүйуге баулу сынды қасиеттерді бойларына сіңіру болатын. Шолаққорған жалпы орта мектебінде өткізілген шараға Ы. Алтынсарин,Т. Әлімқұлов, А. Байтұрсынов, Ә. Молдағұлова және Шолаққорған жалпы орта мектептерінен 10 сынып оқушылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Н. Зейдулла жарыстың ашылуында: «Биыл ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл, сондай-ақ Қарулы күштеріміздің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Аталған соғысқа қатысып өз міндеттерін абыроймен атқарған жерлестеріміз де бар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс шара, өскелен ұрпақты отан сүйгіштікке, потриоттыққа тәрбиелейді. Елдің ертеңіне қорған болар азаматтарымыз сіздерсіздер құрметті оқушылар» - деді.

Подробнее...
 
Балуандар бақ сынасты

Ақпан айының 19-ы күні Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп спортзалында гректо-рим күресінен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Тоқболат Мұқановты еске алу мақсатында турнир болып өтті. Турнирге Мұратбаев, Рүстемов, Кеңесбаев, Сүгір Әліұлы, Шолаққорған, Әлімқұлов, Алтынсарин, Байтұрсынов мектептерінен келген жас балуандар «кім мықтыны» анықтады.
Алдыңғы толқын ағалар Тоқболат Мұқановты кішіпейіл, ақкөңіл, балуан азамат ретінде жақсы таныса да, кейінгі толқын інілер ол кісіні біл білмеуі кәдік. Тоқболат ағамыз 1949 жылы 1-ші қаңтар күні Қозмолдақ ауылында дүниеге келген. Көп балалы отбасында тәрбиеленген Тоқаң жастайынан спортты өзіне серік етіп өсті. Оқушы кезінің өзінде түрлі аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып, сол кездегі аузы дуалы мамандардың көзіне түсе білді. Түрлі перспективалы ұсыныстар түскенімен отбасы жағдайына байланысты ондай ұсыныстардан бас тартуға тура келгендігін кезінде өзі айтып отыратын еді. Орта мектепті бітірген соң 1966-1969 жылдары Сызған совхозында спорт нұсқаушысы болып қызмет атқара жүріп өз шеберлігін шыңдады.

Подробнее...
 
Жыл басында Жолдаумен бірге келген жаңа техникалар ауыл тазалығына жұмыс жасайды
Image

Бүгінгі таңда аудан халқының отын-су, жем-шөп және түрлі тасымал жұмыстарын атқаруға жарап келген кеңестік кезеңдегі шаруашылықтарға пайдаланған ауылшаруашылық техникалары болатын.
Кезінде ата-бабаларымыз ат, өгіздерді күш көліктері ретінде қызметіне жаратып көктем мен күзгі егістік танаптарды жыртып, егін салып, түрлі қиындықтарын өздерін алып шығып отырған.
Тәуелсіздіктің белесінде еліміздің әл-ауқаты артып, тұрмыс-тіршілігіміз алға жыртып, ауыл тұрғындары шама-шарқынша үй тұрғызып, қора-қопсы салып жатқанының өзі сол техникалардың игі септігінің арқасы.
Қазақстан Республикасы Президенті-ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың 27 қаңтар күні Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауы жарияланған күні ауданымыздың халқы үшін маңызы зор қос мерекелі қуанышты күн болды.

Подробнее...
 
Жерлесімізге ғылым докторы дәрежесі мен профессор атағы беріледі

Қоян жылының соңын ала жерлесіміз, Созақ ауылының тумасы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының фтизиатрия кафедрасының меңгерушісі Нұрлан Сүлейменұлы Тәбріз Алматы қаласындағы Туберкулез мәселелері ұлттық орталығында «Әртүрлі химиотерапия тәртіптерін және туберкулездің кешенді еміндегі отандық фитопрепараттарды қолдану тиімділігін бағалау» тақырыбында медицина ғылымының докторы дәрежесін сәтті қорғап шықты. Іле-шала Қарағанды мемлекеттік медицина институты ғылыми кеңесінің шешімімен профессор академиялық атағы берілді.
Нұрлан Сүлейменұлы 1966 жылы Созақ ауылында дүниеге келген. Ленин атындағы орта мектепті (қазіргі «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясы) үздік бітіріп, 1989 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған.

Подробнее...
 
Аудан әкімінің 16 Желтоқсан – Тәуелсіздікке 20 жылдыққа арналған мақаласы

Аса қадірлі аудан жұртшылығы!
Құрметті қонақтар!
Бүгінгі күндер сіздер мен біздер үшін сайын сахарамызды сәнге, әзіз өлкемізді әнге, киелі даламызды күйге бөлеген тәңірдің сыйы, тағдырдың арайлы таңы іспеттес Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мерейлі мерекесін берекелі табыспен, толайым ризықпен тойлағалы отырмыз.
Қазақстан қып-қысқа 20 жылда өз халқы сүйіспеншілікпен және жоғары құрметпен Елбасы атаған Көшбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тамаша көреген басшылығымен дәуірге пара-пар жолды жүріп өтті. Бүгінде экономикасы қуатты, дамыған және еркін, демократиялық мемлекетке, халықаралық қоғамдастықтағы құрметті де беделді әріптеске айналып отыр.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы : ...Бәрі де есімізде-қазіргі Тәуелсіздігіміз қазақ ұлтының өз тағдырын өзі шешуге деген сан ғасырлар бойғы ұмтылысының жемісі екенін жақсы білеміз. Бұл ұмтылыс қоғамдық ой-пікірдің қалыптасуымен, халықтың жан жүрегімен қалаған қажырлы іс әрекетімен нығайтылып отырды. Біз 1986 жылдың желтоқсанында қазақ жастарының тоталитарлық тәртіпке жүрек жұтқан әрі теңдесі жоқ ерлікпен қасқайып қарсы шыққанын ұмытпаймыз. Тәуелсіздік тұрақты даму арқылы нығаяды»-деген болатын.

Подробнее...
 
Дін өкілдерін марапаттады

Image18-қазан Рухани келісім күні. Аталмыш мерекеге орай аудан әкімі Б.Қ.Мейірбеков аудан көлеміндегі мешіт имамдарын дін өкілдерін аудан әкімшілігінің үлкен залында қабылдады. Аудан әкімінің мерекелік қабылдауы кезінде аудан әкімінің орынбасарлары Б.Әлмағанбет, М.Исаев аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы П.Сақтапбергенұлы, ҚР ҰҚК ОҚО бойынша Департаменті Созақ ауданы бөлімінің бастығы А.Усеев және де құқық қорғау саласы қызметкерлері, бөлім мамандары, ауыл тұрғындары қатысып отырды.
-Біздер барлық салаға көңіл бөліп келеміз. Жастарға, ардегерлерге, мүгедектерге, жұмысшыларға тағы басқаларға. Осындай мақсатпен бүгінгі Рухани келісім күні сіздерді арнайы шақыртып отырмыз-деді аудан басшысы. Себебі, ауыл халқын рухани тазалықты, бейбітшілікте тіршілік кешуі үшін дін өкілдері қызметінің орыны бөлек.

Подробнее...
 
Тәуелсіздік тартуы жаңа аурухана пайдалануға берілді

ImageАуданымыздағы пайдалануға берілетін қайсы бір нысан болса да біткен кезінде ауыз судан бір түйткіл табылып-ақ тұрады. Сұрастыра келсең басында жасалған проектіден екен деген жауап естіріміз анық. Денсаулық саласы бойынша Шолаққорғандағы 40 төсектік перзентхана ғимаратынан соң пайдалануға беріліп отырған ауылдық аурухана осы Созақтағы 25 орындық жаңа аурухана болып отыр. Мұның да уақытынан кешеуілдеп ашылуы ауруханаға келетін су құбырының басында жөнді есептелмеуінен екен. Аудан әкімі Б.Қуанұлы Шолаққорғандағы аурухананы ашу үшінде арнайы скважина құдығын қаздырып, су жеткізуге ықпал жасаған болатын. Бұл жолы да солай болды.  

Подробнее...
 
<< [Первая] < [Предыдущая] 1 2 3 4 5 [Следующая] > [Последняя] >>

Результаты 1 - 15 из 71

Государственные символы

Календарь новостей

 
« 20 Май 12 »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031     

Курс валют

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Погода

Опросы

Как вам наш новый дизайн?
 

Лента новостей